Қоғам
«XXI ғасыр көшбасшысы» жаңа форматта экранға оралады
Көпшілікке танымал «XXI ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық тележобасы «Хабар» Агенттігі мен Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық «Дарын» ғылыми-тәжірибелік орталығының бірлесуімен қайта жанданып, көктемнен бастап жаңа форматта эфирге шығады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Жобаның мақсаты — еліміздің болашақ көшбасшыларын тәрбиелеу және дарынды оқушыларды қолдау.
Іріктеу кезеңдері:
• 2024 жылдың қазанынан 2025 жылдың ақпанына дейін әр өңірде өтіп жатыр.
• Әр облыстан ең үздік бес оқушы республикалық кезеңге жолдама алады.
• Республикалық кезең 2025 жылдың наурыз-маусым айларында өтеді.
Жеңімпаздарға еліміздің ЖОО-да оқуға гранттар табысталады.