Ресми бет

Ядролық қауіптің алдында бірігуіміз керек

Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана клубының» аясындағы Ядролық қауіпсіздікті жақтаушы көшбасшылардың жаһандық альянсының отырысында сөз сөйлеп, қазіргі заманғы төрт басты мәселе­ні атады. Әлемдегі ахуалдың нашарлап бара жатқанын атап айт­қан ­Елбасы адамзат әлі «құрық сала алмаған» індеттен бастады. Бүгінге дейін дүние жүзінде 255 млн адам осы дертті жұқтырып, 5 млн-нан аса адам көз жұмған. Нұрсұлтан Назарбаев бейбіт заман үшін бұл жантүршігерлік статистика екенін тілге тиек етті.

[smartslider3 slider=942]

Әлемді әбігерге салған екінші мәселе – алып державалардың бір-біріне қарсы тұруы. Адамзат баласын Тайваньның төңірегіндегі шиеленіс, АҚШ пен Қытайдың, Ресей мен Батыс елдерінің қарым-қатынасындағы алауыздық, Таяу Шығыс пен Украинадағы ахуал қатты алаңдатып отыр. Үшінші мәселе – Ауғанстанның айналасындағы үрейлі жағдай. Алдағы уақытта ауған жерінде гуманитарлық апат болуы мүмкін. Соның әсерінен халқының тең жартысы аштықтан қиналып, жүз мыңдаған адам босқын болып, көршілес елдерге шұбырады. Төртінші алаңдататын мәселе – ядролық тұрақтылыққа қатысты күрделі жағдайдың қалыптасуы. Қазір әлем ядролық соғыстың шекарасында тұр.

Бұдан әрі Елбасы аталған мәселелерді шешудің нақты жолдарын ұсынды. Біріншіден, Үлкен Еуразиядағы, әсіресе Азия бөлігіндегі диалог пен сенім институттарын нығайту қажет. Екіншіден, Еуразиядағы үлкен дағдарыстың алдын алу үшін ЕАЭО, ЕуроОдақ, ШЫҰ, Түркі мемлекеттері ұйымы сияқты өңірлік бірлестіктер арқылы диалогты қалпына келтірген жөн. Осы орайда Қазақстан төртжақты «Үлкен Еуразия» экономикалық форумының ұйымдастырушысы рөлін атқаруға дайын. Үшіншіден, Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруға халықаралық күштерді шоғырландыратын кез келді. Төртіншіден, ядролық қауіп-қатердің алдында әлемдік қауымдастық күш біріктіруі тиіс. Сөзінің соңында Елбасы елордада ядролық қарусыздану жөніндегі жаһандық форум өткізуді ұсынды.

Тағыда

Төлен Тілеубай

«Астана ақшамы» газетінің шеф-редакторы

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button