Шаһар шежіресі

Ыбырай Жақаев – Тың өлкесінде

Сыр өңірінде күрішті баласындай мәпелеп, бабын тауып, дүниежүзілік ­рекорд жасаған атақты диқан Ыбырай Жақаевтың есімі тарих бетінде айрықша әріптермен мәңгілікке жазылып қалды. Ол күріш өсірудің адамзат баласы бұрын-соңды білмеген ерекше тың әдісін ойлап тауып, осы ерен еңбегі үшін кеудесіне екі мәрте Социалистік Еңбек Ері алтын жұлдызын қадады.

Ол кезде Ыбекеңдей аты аңыз­ға айналған адамның іс-тәжірибесімен бөлісіп, оның аузынан шыққан әрбір тәлімгерлік сөзін тыңдау үшін республиканың түкпір-түкпірінен арнайы шақырулар келіп жататын. Міне, осындай бір іскерлік басқосу 1961 жылы Целиноград қаласында өткен. Мұнда жасы жетпісті алқымдап қалса да, күріштің атасы Қазақстанның ауыл шаруа­шылығы озаттарының мәжілісіне қатысып, ел байлығын еселеу жолындағы өміршең тәсілімен бөліссе керек.

Суретте солдан оңға қарай: Социалистік Еңбек Ері, Қызылорда облысы Қармақшы ауданының күрішшісі Пак Чен Ир, Жамбыл облысы Жамбыл ауданының қызылшашысы, Социалистік Еңбек Ері Д.Жантоқова, Гурьев облысынан келген жүгеріші М.Клячина, Гурьев облысы «Заборын» совхозының жылқышысы Ұ.Меңешқалиева Ыбырай Жақаевпен әңгіме-­дүкен құруда.

Ғазиза ИСАХАН

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button