Елорда тынысы

Ынтымақтастықтың жаңа кезеңі

Түрікменстан астанасында Орталық Азия мемлекеттері мен ­Корея Республикасы парламенттері төрағаларының екінші кездесуі өтті. Іс-шараға Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов бастаған Қазақстан ­депутаттарының делегациясы қатысты.

Парламент басшыларының кездесуі «Бейбітшілік, өркендеу және өзара сенім жолындағы серіктестік» атты пленарлық сессиядан басталды. Өз сөзінде Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қазіргі жаһандық климаттық және демография­лық сын-қатерлердің белең алуы, қақтығыстардың ушығуы, мемлекеттер арасындағы ­шиеленістер мен сенімсіздіктің өршуі жағдайында ұсынылған тақырыптың өзегін атап өтті.

«Қазіргі кезде Орталық Азия біртұтас өңір ретінде дамудың жаңа кезеңін бастан кешуде. Қазақстан Президенті Қасым-­Жомарт Кемелұлы Тоқаев оны «Орталық Азияның ренессансы» деп атады. Қазақстан аймақтың Кореямен сенімді саяси диалогты, экономикалық, инвестициялық байланыстарды дамытумен қатар, парламенттік дипломатияны да нығайтуға мүдделі. Біздің елдерімізді өсіп-өркендеу және жайлы қоғам қалыптастыру жолындағы ортақ мақсаттар біріктіреді. Бейбітшілік пен тұрақтылық аймақ елдері мен Оңтүстік Корея арасындағы берік серіктестіктің мызғымас негізі болуға тиіс» деді Мәжіліс спикері.

Осы күні Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Түрікменстан Меджлисінің төрағасы Дуньягозель Гулмановамен кездесті.

Екі ел арасындағы парламентаралық ынтымақ­тастықтың өзекті мәселелері және заң шығару жұмысы бойынша тәжірибе алмасу жайы талқыланды.

Түрікменстан тарапына Қазақстандағы саяси реформалардың жүзеге асырылу барысы мен Мәжіліс жұмысының қорытындылары туралы ақпарат берілді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button