Жаңалықтар

ЫРЫС АЛДЫ – ЫНТЫМАҚ

«Конституция – Қазақстан халқының бірлігінің кепілі» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық акциясының шеңберінде дөңгелек үстел отырысы өтті.

b04fa54d9f5680fcac22e997354e8f33

Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» ұйымының же­тек­шісі Бақытжан Әбілдинов іс-шараның мақсаты – елі­міздің Ата Заңын тал­қылау арқылы қазақ­стан­дық ын­ты­мақтас­тықтың негіз­дерін баяндап, рес­публикамызда жасап жатқан барша халықтың Конс­­титуция аясында бе­кі­тілген құқықтары мен жа­уапкершіліктерін талдау арқылы жеткен жетістік­терімізді насихаттау болып табылатынын айтты. Ал «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығының жетекшісі Салман Героев өз сөзінде ел Тәуелсіз­дігі­­нің қазақ жерінде жасап жат­қан барлық ұлт өкілдері үшін маңыздылығына тоқталды. Осы жылдары ұлттық бас­тауларына қайта оралып, өз дінін, дәстүрін, тілін жаңғыртуға мүм­кін­діктің негізі Конституцияда қаланғанын айтты. «Біз, ортақ тарихи тағдыр бiрiк­тiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мем­лекеттiлiк құра отырып, жоғары жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып, өзiмiздiң еге­мендiк құқығымызды не­гiзге ала отырып осы Конс­титуцияны қабыл­даймыз» деген еліміздің басты Заңы­ның алғашқы сөздерін баса айтқым келеді. Расында да, біздер адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бос­тан­дықтарын ұлықтай отырып, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде қалыптастық» деді.
Жиын барысында қала­лық этномәдени орта­лықтарының өкілде­рімен қатар, кәсіби медиаторлар да қатысып, пікір алысты.

Айгүл УАЙСОВА

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button