Ел тынысы

Ыстық ықыласпен күтіп алды

 

АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласынан ХХХ қысқы дүниежүзілік Универсиадаға қатысқан ­Қазақстан студенттер құрамасы елге оралды. Спортшыларды Астана әуежайынан Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бастаған топпен қалалық спорт басқармасының қызметкерлері туыстары мен достары ыстық ықыласпен күтіп алды.

Министр Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын жеткізді.

Аталған халықаралық додада жерлестеріміз Малика Ермек пен Санжар Жанысов жүлделі орынға ие болып, елге күміс медальді әкелді. Олар Қазақстан студенттік құрама командасында бірнеше қашықтықта және дисциплинада жоғары деңгейде өнер көрсетіп, тұғыр­дың биік сатысына көтерілді.

Шорт-тректен ерлер құрамасы эстафетада күміс медальге қол жеткізді. Бұл биіктен көрінуде Әділ Ғалиахметов, Еркебұлан Шамуханов, Валерии Клименко, Санжар Жанысов еңбек сіңірді.

Аралас эстафетада бойынша да отандастарымыз 2:47.757 секунд көрсетіп, күміс жүлдеге ие болды. Мұндай көрсеткіш көрсеткен Яна Хан, Малика Ермек, Алина Әжғалиева, Әлішер Әбілқатимов, Әділ Ғалиахметов,
Еркебұлан Шамұхановтың жетістігін жоғары бағалау керек.

Универсиадада Қазақстан жалпы командалық есепте 3 алтын, 4 күміс және 4 қола медальмен 11-орынға тұрақтады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button