Білім

Зағиптарға арналған құрылғы ойлап тапты

Елордада Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары көз жанары нашар көретін жандарға арналған «Jazgysh» атты оқытудың инновациялық әдісін ұсынды.

[smartslider3 slider=727]

Арман Рысмаханов пен Екатерина Ким – 12-сынып оқушылары. Жас жаңашылдар зағип жандардың жазуды үйрену мәселесіне қызығушылық танытқан, себебі бұл мәселе қазір өзекті. Алайда мәселенің өзектілігіне қарамастан шешу жолы әлі күнге дейін біржолға қойылмаған.

«Мысалы, зағип адаммен сөйлескенде, біз Брайль әдісін қолдану үшін шешімдер бар екенін білдік, ал қолмен жазуды үйрету көп жағдайда еленбейді» дейді олар.

Брайль тілі сіздің атыңызды, тегіңізді жазып, тіпті қол қою қажет болған жағдайда да әдеттегі жазуды алмастыра алмайды. Осы мәселені назарға ала отырып, оқушылар Jazgysh құрылғысын ойлап тапты.

«Jazgysh құрылғысы екі кезеңнен тұрады: құрылғы арқылы жазуға қалыптасу және мобильді веб-қосымшаның көмегімен дағдыларды бекіту» дейді оқушылар.

Jazgysh жұмысының принципі:

Біріншіден, пайдаланушы құрылғыны жылжытушы және әріптердің дұрыс жазылуын қадағалайтын қаламды ұстайды. Содан кейін пайдаланушы үйренген сөзді телефонға қаламмен жазуы керек, ал бағдарлама сөздің дұрыс жазылғанын тексереді.

Жоба жетекшісі информатика пәні мұғалімі Қымбат Жасұланқызының айтуынша, балалар жоба тақырыбын өздері таңдаған. Мүмкіндігі шектеулі жандардың осындай проблемасы балалардың аталмыш құрылғыны жобалауына әсер еткен. Кейіннен қолда бар ақпаратқа талдау жасап, толықтай ойларын бағамдады. Бұл жоба өзге аналогтарға қарағанда әлдеқайда арзанға түседі. Жоба «KazRoboProject-2021» робототехника конкурсында III орынды иемденді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button