Имантаразы

ЗАЙЫРЛЫ ҚОҒАМДА ДІН ДЕ ЗАҢҒА БАҒЫНАДЫ

950a9580

Естеріңізде болса 29 мамырда Астана қаласы әкімдігінің Дін істері жөніндегі басқармасы тарапынан «Астана қаласында діни қызмет саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенті» бекітілген еді. Осы ресми құжаттың қыр-сырын түсіндіру мақсатында кеше Есіл аудандық әкімдігінде жеке және заңды тұлғаларға арналған «Ашық есік» күні өткізілді.

Онда атап айтар болсақ, «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу», «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру», «Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру» секілді қызмет регламенттерінің жайы қозғалды.

Сондай-ақ, діни бірлестіктер, сауда орталықтары, қонақүйлер, базар басшылары мен кәсіпкерлердің ойландырған сауалдарына тұщымды жауаптар берілді. Жиында арнайы мамандар бірқатар мәселелер бойынша кеңестерін айтты.

Жайық НАҒЫМАШ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button