Қоғам

Зайырлылық принциптері сақталуы тиіс

Астана қаласы Дін істері басқармасының қолдауымен Діндерді зерттеу орталығы мектеп педагогтарының біліктілігін арттыру бойынша семинар ұйымдастырды. Онда мектеп оқушыларының деструктивті діни ағымдардың идеологиясынан қорғау, анықтау және оңалту жұмыстарын тиімді ұйымдастыру, деструктивті діни отбасылардың балаларымен жұмыс жасаудың тәсілдері сияқты қазіргі қоғамымыз үшін өзекті мәселелерді талқыланды.

Мектептерде зайырлылықтың негізгі принциптерін сақтау, мектеп формасының маңыздылығын ескеру, оқушыларды деструктивті діни ағымдардардың ықпалынан қорғау, деструктивті діни  бағыттағы оқушыларды анықтау жане олармен оңалту жұмыстарын тиімді ұйымдастыру жиынның басты мақсаты болып табылады. Семинарда тарихшы мұғалімдерге, психологтарға және мектеп директорларының тәрбие жөніндегі орынбасарларына оқушылармен жұмыс істеудегі негізгі проблемалық мәселелер және олармен осы бағытта қалай жұмыс істеу керектігі айтылды.

Жиында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін  істері комитеті төрағасының орынбасары Әділбек Сейфуллин сөз алып,  қазіргі қоғам алдында тұрған өткір мәселелердің бірі жастар тәрбиесі екені айтты. Ол  «Ұрпақ тәрбиесінде орта мектептердің ұстаздарына да артылар жүк аз емес. Бүгінгі күні жат діни ағымдар өздерінің сенімдерін қалыптастырып, қатарларын толтыру барысында, көптеген қазақ жастарының ойын, санасын улап, өздерінің сенімдеріне қосып, қатарларын көбейтуге тырысып бағуда. Біз олардың әрекетіне барынша тосқауыл бола білуіміз керек. Осы орайда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, сондай-ақ жергілікті жауапты мекемелер тарапынан да көптеген шаралар жүзеге асырылуда» деді.

Астана қаласы Дін істері жөніндегі  басқармасының басшысы Қайролла Көшқали,  Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, теолог-эксперт Жандаулет Сулейменов, және басқада астаналық білім беру орындарының басшылары, психолог-мамандар ортақ мәселе бойынша пікір алысты.

Жаңа оқу жылында  оқушыларды деструктивті діни ағымдардардан қорғау, деструктивті діни ағымдардың белгілерін тану және оңалтуды тиімді жұмыстарын ұйымдастыру тәсілдеріне мән беріп, сондай-ақ психология тұрғысынан өзекті проблемалық мәселелердің себептеріне ерекше назар аударылатын болады.

Айгүл УАЙС

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button