Жаңалықтар

ЗАЛАЛДЫҢ ОРНЫ ТОЛТЫРЫЛАДЫ

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС өткізілген тексеру қорытындылары туралы

856a4d22e9af09ef49e239295c0c075b

 Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің экологиялық реттеу және бақылау комитетіне қарасты Атырау облыстық экология департаменті «Атырау мұнай өңдеу зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне факелды құрылғыда қышқыл (шикі) газды белгіленген көлемнен асыра жағу нәтижесінде ауаны  ластаудан келтірілген залалдың орнын толтыру жөніндегі талап қойды.

Бұл сома қоршаған ортаны ластаудан келтірілген зиянды экономикалық бағалау ережелеріне сәйкес есептелді. Атырау мұнай өңдеу зауыты қызметін Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес жоспардан тыс тексеруді  Атырау облыстық прокуратурасы жүргізіп, бұл жұмыстарға Атырау облыстық экология департаментінің мамандары тартылды. 2013 жылғы 29 қараша мен 28 желтоқсан аралығында өткізілген тексеру қорытындылары бойынша «Атырау мұнай өңдеу зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің күкірт өндіру құрылғысының факелды жүйесінде қышқыл (шикі) газдың белгіленген мөлшерден 693 753,1 м3 көлемінде артық  жағылуына жол берілгендігі анықталды. Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің талаптарына сәйкес, тексеру нәтижелері бойынша әкімшілік істер қозғалды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button