Uncategorized

«Заң керуені»

Астанада «Заң керуені» акциясы аясында мемлекеттік органдардың қызметкерлері азаматтарды қабылдайды, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/

22 қараша күні Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының ғимаратында “Заң керуені” акциясы өтеді. Іс-шара аясында прокуратура, полиция және қала әкімдігінің қызметкерлері азаматтарды жеке қабылдайды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

“Заң керуені” акциясы аясында Астана тұрғындары елорданың мемлекеттік органдарының уәкілетті тұлғаларына сұрақтар қоя алады.

Іс-шара 22 қараша күні сағат 15:00-ден 18:00-ге дейін Момышұлы даңғылы, 5 мекенжайында орналасқан Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының ғимаратында өтеді.

Жеке қабылдау кезек тәртібімен жүргізіледі, өзімен бірге жеке куәлігі болуы қажет.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button