Қала мен Сала

«Заң керуені» аясында

Астана қаласы прокуратурасының бастамасымен елорданың құқық қорғау органдары мен басқармалары өкілдерінің халықпен кездесуі өтті.

Елорда прокурорының орынбасары Болат Мизанбаевтың төрағалығымен жұмыс тобы құқықтық көмек көрсету, белгілі бір заңдарды түсіндіру, сондай-ақ өздерінің заңды құқықтарын іске асыруға мүмкіндігі жоқ тұрғындардың мәселелерін қарау мақсатында аудан тұрғындарымен кездесті. Жұмыс тобының құрамында Есіл ауданының әкімі Асылбек Есенбаев, аудан прокуроры Ерболат Әбдіров, аудандық полиция басқармасының бастығы Әлібек Кужахметов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің тергеу басқармасы бөлімінің басшысы, ҚР ҚМ Экономикалық тергеу департаменті басқармасының Астана қаласы бойынша орынбасары, сондай-ақ ҚР ҚМ өкілдері, ХҚКО және «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ мамандары болды.

Акция аясында жұмыс тобы барлығы 38 адамды қабылдады. Оның ішінде «Шығыс», «Алтын Шар» және «Жағалау 4» ТК бастамашыл топтарының өкілдері өздерін толғандырған әртүрлі мәселелер бойынша сала мамандарынан тегін кеңес алды.

Кездесу соңында кешенді тексеруді талап ететін мәселелердің тізбесі қалыптастырылды. Алдағы уақытта аудан прокурорының қатысуымен осындай акцияны «Жағалау-4» тұрғындарымен өткізу жоспарланды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button