Заң мен тәртіп – тірегің

Қазіргі заман талабына сай әрбір азамат өзінің құқықтары мен міндеттерін жете білуі қажет. Біліп қана қоймай, оны қажетіне сай күнделікті өмірде қолданып, құқықтарының тиісті деңгейде қолданылуын талап етуі қажет. Өзі де, заң талаптарының орындалуын, құқықбұзушылықтардың орын алуына жол бермеуі қажет. Әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі қажет. Сонымен қатар, құқықбұзушылықтарға жол берген жағдайда көзделген жауапкершіліктерді білуі тиіс.
Жалпы Заң дегеніміз – құқықта мемлекет белгілеген бүкіл нормативтікқұқықтық актілер, жалпыға бірдей міндетті ережелер. Тәртіп – адамдардың белгілі бір қауымдастығындағы,
тіршілік қарекеті саласындағы реттіліктің, жөнжосықтылық пен ұйымшылдықтың сапалық
сипаты; адам мінезқұлқының қоғамда қалыптасқан құқық, мораль нормаларына не әлдебір
ұйымның жарғылық талаптарына сәйкестігі. Ол жүйелілік, жауапкершілік және ішкі мәдениет,
адамның өзіне деген, өзгелерге деген құрметін білдіреді. Қоғамдағы заң мен тәртіп –
бұл адамдар арасындағы өзара қатынастарды реттейтін және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ететін негізгі қағидалар. Заң – бұл мемлекеттің шығарған ресми ережелері мен нормаларының жиынтығы, ал тәртіп – сол заңдардың орындалуын қамтамасыз ететін жағдай мен жағдайларды білдіреді. Заң мен тәртіптің дұрыс үйлесімі қоғамның дамуына, адамдардың
қауіпсіздігі мен бостандығына негіз болады.
Заң – мемлекеттің азаматтарының құқығы мен міндеттерін белгілейтін, сондайақ олардың
әрекеттерін реттейтін негізгі құрал. Ол барлық азаматтар үшін бірдей, ешкімге артықшылық
берілмей орындалуы тиіс. Заң шығарушы органдар қоғамдағы барлық саланы реттейтін нормативтік актілерді қабылдайды. Заңдар қоғамның әртүрлі салаларында әділеттілік пен тәртіпті қамтамасыз ету үшін қабылданады. Заңның басты мақсаты – қоғамдық қатынастарды реттеу, адамның құқықтарын қорғау және әділеттілікті орнату. Алайда заң тек қағазда ғана жұмыс істемейді, оның тиімділігі тек адамдар оны ұстанған жағдайда ғана көрінеді. Тәртіп – бұл заңның орындалуын қамтамасыз ететін жүйе. Қоғамдық тәртіптің сақталуы адамдардың жауапкершілігін арттырады, оларды құқық бұзушылықтан сақтандырады. Қоғамның дамуы мен
тұрақтылығы үшін әр адам өзінің құқықтары мен міндеттерін білумен қатар, заңды және тәртіпті ұстану арқылы мемлекетімізді дамытуға өз үлесін қосуға атсалысу қажет.
М.МЕЙРАМБАЕВА,
Астана қаласы Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды
тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы