Қоғам

Заң Шығару Жиналысының 30 жылдығына қатысты

2024 жылғы 12-14 желтоқсан аралығында мәслихаттың сегізінші сайланымының депутаттары Санкт-Петербург қаласының Заң Шығарушы Жиналысының 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысты, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/

Делегация құрамына бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Кендебай Адамбек және құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі Дархан Рамазанов кірді.

Салтанатты рәсімге Ресей Федерациясы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Дмитрий Козак, Санкт-Петербург губернаторы Александр Беглов, Ленинград облысының губернаторы Александр Дрозденко, Мәскеу қалалық Думасының төрағасы Алексей Шапошников және Ресей Федерациясының 30-дан астам субъектілерінің Заң Шығарушы органдарының өкілдері, қала муниципалитеттерінің басшылары, ТМД елдерінің қонақтары қатысты.

Ресей Федерациясы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Дмитрий Козак Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің құттықтауын оқыды.

Қазақстандық делегация атынан бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Кендебай Адамбек сөз сөйлеп, Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимовтың құттықтауын оқып, естелік сыйлық табыс етті.

Жалпы, спикерлер 30 жыл ішінде Заң Шығарушы Жиналыс Санкт-Петербург қаласының қоғамдық өмірінің ажырамас бөлігіне айналғанын атап өтті. Қала Парламенті ең маңызды мәселелер бойынша – Даму стратегиясы мен бюджеттен бастап әлеуметтік қолдау шараларына дейін шешім қабылдайды. Заң Шығарушы Жиналыс депутаттарының заңнаманы жетілдіру, тиімді шешімдер іздеу және диалогқа дайындық жөніндегі қызметі жоғары бағаланды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button