100 қадам - Ұлт жоспарыҚала мен Сала

Заңдастырылған мүлік көп

Еліміздің барлық өңірінде мүлікті заңдастыру науқаны қызу жүргізілуде. Елорда тұрғындары да бұл шарадан қалыс қалмай, көлеңкедегі қаржысын жарыққа шығарып, қол астындағы мүлкін тізімдетіп жатыр. Астана қаласы Қаржы басқармасының мәліметінше, 24 маусымға дейін жергілікті атқарушы органдар жанындағы Мүлікті заңдастыру жөніндегі комиссияға жалпы сомасы 91,7 млрд теңгеге бағаланатын барлығы 6952 өтініш келіп түскен.

мүлікті заңдастыру

Келіп түскен өтініштердің басым бөлігі Алматы ауданының тұрғындарына тиесілі болып отыр. Мүлікті жария ету науқаны басталғалы бері осы ауданда жалпы сомасы 50,7 млрд теңгені құрайтын 3260 өтініш келіп түскен. Ал Есіл ауданының әкімдігіне 25,8 млрд теңгенің 1148 өтініші жолданса, Сарыарқа аудандық комиссия­сы да 15,1 млрд теңгенің 2544 өтінішін қарап үлгерген.
Арнайы комиссияның шешімімен тұрғын жайлар мен коммерциялық нысандарды қосқанда жалпы сомасы 55,5 млрд тенгені құрайтын 8 784 нысанға қатысты өтініш қаралған. Бұл өтініштердің 2 941-і қанағаттандырылып, 30,5 млрд теңгенің 6 411 нысаны заңдастырылды. Бұлардың 3 340-ы тұрғын жайлар болса, қалған 3 066-сы – коммерциялық нысандар. Осылардың ішінде 5 заңды тұлғаның қатысу үлесі 457,9 мың теңгені құрады.
Сондай-ақ, мүлікті заңдастыру науқаны бастау алғалы бері қаржыны жария ету бойынша 284,4 млрд теңге сомасына 166 арнайы декларация тапсырылған. Тағы 8 млн 110 мың теңгенің құнды қағаздары жария етілді.
Қаржы басқармасы мамандарының айтуынша, қабылданған декларациялар бойынша келіп түскен қаржылар екінші деңгейлі банктерде ашылған ағымдық есепшоттарға аударылып, заңдастырылып жатыр.
Жалпы жария ету науқаны басталғалы бері елімізде 92 мыңнан астам хабар­ласып, 1,9 трлн теңгенің мүлкі мен ақшасын заңдастыру туралы өтініш берген. «Бүгінгі таңда 1,7 трлн теңгенің мүлкі мен ақшасы заңдастырылды. Оның триллион теңгеден астамы – банк жүйесiнiң шоттарына түскен қаражат. Ал шамамен 300 миллиард теңге комиссияларда өңделiп, алдағы уақытта ресми түрде айналымға түседі. Барлығы 88 мыңға жуық жылжымайтын мүлік анықталып, заңды жолмен тіркеуге алынды. Қазақстан территориясындағы мүліктің сомасы 688 млрд теңге болса, ел аумағынан тыс жерлерден келіп түскен мүліктің сомасы 1,3 млрд теңгені құрады. Бұлардың сыртында 997 млрд теңге сомасындағы ақша заңдастырылды» дейді Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.

Бүркіт НҰРАСЫЛ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button