Керек кеңес

ЗАҢГЕР КЕҢЕС береді

Манат Асылқызы, елорда тұрғыны:
– Бірде бөтен адам ұялы телефоныма хабарласып, менің Шымкент қаласынан бір мақсатқа несие алғанымды хабарлады. «Сіз кімсіз?» деп сұрап едім, «Банктің қызметкерімін» деді. Тіпті, өзінің нөмірін жіберіп, маған хабарласуды сұрады. Кейінірек білгенімдей, мен алаяқтардың тұзағына түсіп қала жаздаппын. Мұндай жағдайдан сақтану үшін не істеу керек? Алаяқтармен қалай сөйлесу керек?

Бұл сұраққа заңгер Егор Редин жауап береді:

– Көп жағдайда адамдар үрей мен абдырап қалу салдарынан алаяқтар құрбанына айналады. Мүмкіндік болса, әңгімені өрбітпеген жөн. Себебі банк пен басқа да қызмет түрлері күдікті операциялар туралы телефон қоңырауынсыз-ақ хабардар етеді. Картадағы ақшаны ұрлауға қатысты күдікті сылтау ету арқылы карта деректерін анықтау – алаяқтардың ең жиі қолданатын әдісі. Осындай әңгімені естіген болсаңыз, бірден телефон тұтқасын қойыңыз. Егер күдіктімен сөйлескен болсаңыз, онда ешқандай санды атамау керек және сұрақтарға «иә» және «жоқ» деп жауап бермеген абзал. Себебі сіздің дауысыңыз­ды диктофонға жазып алуы мүмкін. Азаматтың жеке дерегін білгеннен кейін мұндай жазбаны дауысты анықтау қызметі бар банк немесе басқа да қызметке қоңырау шалу үшін қолдануға болады. Сондай-ақ жасырын нөмір қоңырауларына да жауап бермеу керек және күдікті сілтемелер арқылы өтпеген дұрыс. Шынайы банктерден тек ресми нөмірлер арқылы хабарласады және хабарлама жолдайды.

Төлен ТІЛЕУБАЙ

Тағыда

Пікір үстеу

Back to top button