ЖаңалықтарҚала тіршілігі

ЗАҢГЕРЛЕР КЕҢЕС БЕРЕДІ

861ff66d32c1ffc0a328dfba41717cdb_x1024

Кеше Астанада «Әділет органдары кеңес береді» республикалық акциясы басталды. Айтулы шара аясында мемлекеттік орган­дар­дың заңгерлері, адвокаттар, нотариустер қала тұрғын­дарына тегін кеңес берді.

Астана қаласы Әділет депар­та­ментінің бастамасымен кеше қала іргесіндегі Пригородный, Заречный, Тельман елді мекендері тұрғындарымен кездесу өткізілді. Сондай-ақ, Есіл ауданындағы ХҚКО меке­ме­лерінде ашық есік күні ұйымдастырылып, тұрғындарға заңдық тұрғы­дан кеңестер берілді.

Бүгін сағат 11.00-де заңгерлер Сарыарқа ауданы­ның әкімдігінде тұрғын­дар­мен және еңбек ардагер­лерімен кездеседі. Ал, 13 маусымда сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалының қоғам­дық қабылдауы аталған акцияға қатысуға ниет білдірген азаматтарды қабылдайды. Сонымен қатар, ЕЦ-166/22 мекемесінде соттал­ғандарға тегін заң кеңестерін беру жоспарланған.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button