Сұхбат

ЗАҢГЕРЛЕР ЖӨН СІЛТЕДІ

Y-0bZaiBH18

Астана қаласында үш күн бұрын басталған «Әділет органдары кеңес береді» атты республикалық акция кеше мәресіне жетті. Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға бағытталған шара жөнінде қалалық Әділет департаментінің қызметкері Алмас Ермеков әңгімелеп берді.

 

–  Акция аясында өткен шараларға кімдер тартылды?

–  Тегін заңгерлік көмек көрсету шарасына департаменттің жауапты қызметкерлері, мемлекеттік органдардың заңгерлері және қалалық Нотариаттық палата мен адвокаттар алқасының өкілдері қатысты. Сонымен қатар аудандық әділет басқармаларының, жылжымайтын мүлік орталығының, Сот актілерін орындау департаментінің, ІІД Көші-қон басқармасының және елорда әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерінен жасақталған ақпараттық-насихат топтары Күйгенжар кентінде,  Алматы ауданының №2 халыққа қызмет көрсету орталығында кеңестер берді. Акция аясында заңгерлер қаладағы кәсіптік-техникалық колледж студенттерімен, ЕЦ-166/22 түзеу мекемесіндегі сотталғандармен жүздесті.

– Шара барысында астаналықтар тарапынан қандай сұрақтар жиі қойылды екен?

– Негізінен, мұрагерлер арасында жылжымайтын мүлікті бөлу, заңды тұлғаны қайта тіркеу және оны басқа тұлғаға беру, мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу тәртібі, халықты жұмыспен қамту бағдарламасына қатысу тәртібі туралы және басқа да сұрақтар жиі қойылды. Әсіресе, нотариустар мен адвокаттар көп сұрақтың астында қалды.

Түзеу мекемесіндегі сотталғандарды көбіне кассациялық шағым, сот ше­шіміне қайта шағымдану мәселелері мазалайды екен. Ал студенттер көбіне жетім балаларға арналған квоталар
туралы білгісі келеді және жеңілдік­терге ие адамдардың мемлекеттік қордан баспана алу мәселелеріне қы­зы­ғушылық танытты.

Акция барысында елордалық жас жұбайларға арналған ашық есік күні ұйымдастырылды.  Жастар өмірлеріне қажет, құнды ақыл-кеңестер алды.

Асхат Райқұл

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button