Елорда тынысы

Заңсыз айналымнан 578 кг есірткі тәркіленген

Елордада заңсыз айналымнан 578 кг есірткі тәркіленіп жойылды, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/

Астана қаласының прокуратурасында қала прокуроры Е.Р. Өтегеновтің төрағалығымен Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің есірткі қылмысына қарсы күрес мәселелері бойынша кезекті отырысы өтті.

     Отырыста соңғы үш жыл ішінде есірткі қылмыстарын анықтап, ашу жоғары деңгейде екені атап өтілді.

Жыл басынан бері қалада есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты 987 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген, оның 249 — өткізу фактісі бойынша.

Заңсыз айналымнан 578 кг есірткі тәркіленіп, жойылды, оның ішінде мефедрон — 254 кг, каннабис — 224 кг, гашиш — 80 кг, кокаин — 48 гр.

Прокуратураның үйлестіруі негізінде құқық қорғау органдарымен 3 есірткі зертханалары анықталды.

Тыйым салынған заттарды сату бойынша жұмыс істейтін 118 чаттар мен интернет-арналар бұғатталды.

Наркограффити қолданудың көптеген фактілері анықталды, ҚК-нің 299-1-бабы (есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау) бойынша 14 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.Бір тұлға сотталды.

Үйлестіру кеңесінің қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға осы бағыттағы жұмысты күшейту ұсынылды, оның ішінде «Нашақорлыққа жол жоқ» акциясы шеңберінде іс-шаралар өткізу, сонымен қатар есірткі қылмысының алдын алу мақсатында кешенді шаралар әзірленді, оның ішінде патрульдік полиция қызметінің алгоритмін құру, IT-мамандарды тарту, полиция бекеттерін күшейту және т.б.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button