Жаңалықтар

ЗАҢСЫЗ КЕЛГЕНДЕР ШЫҒАРЫЛДЫ

Елімізде 16-20 мамыр аралығында «Заңсыз келуші – 2016» операциясының бірінші кезеңі өткізілді. Арнайы іс-шара кезінде Қазақстанға заңсыз келген 1,6 мың адам елден шығарылды.

ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, тексеріс уақытында Қазақстанда болу ережесін бұзғаны үшін 17 мың шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен елімізден 1 635 адам шығарылып жіберілді, оның ішінде 83 адам азаматтық сот өндірісі тәртібінде шығарылды.
Шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану ережесін бұзғаны үшін 1 735 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Іздестіруде жүрген 80 адам, оның ішінде алыс шетелдің 2 азаматы және ТМД-ның 5 азаматы ұсталды.
Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде 187 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді.

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button