Заңсыз орнатылған сауда павильондарын алып тастауда

«Сарыарқа» ауданында мемлекеттік жер учаскелерінде заңсыз орнатылған сауда павильондарын алу жұмыстары жалғасуда. Жыл басынан бері 6-дан астам сауда нысаны демонтаждалды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Кәсіпкерлер сауда павильонын заңды түрде орналастыру үшін «СПК Astana» АҚ-на өтініш беруі қажет. Бағдарлама аясында кәсіпкерлерге жер учаскелерін жалға алу мүмкіндігі ұсынылады. Бұл орындарға кофеханалар, гүл және газет дүңгіршектері, кәдесыйлар сататын дүкендер, жылдам тамақтану пункттері, балмұздақ, көкөніс пен жеміс-жидек павильондары және басқа да сауда нысандары орнатуға мүмкіндік бар.
Заңсыз саудаға қатысты тұрғындардан тұрақты түрде шағымдар түсуде. Осы шағымдар негізінде мониторинг жүргізіліп, павильон иелерімен заңбұзушылықты өз еркімен жою бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.