Жаңалықтар

Заңсыз тексеруге жол берілмейді

«Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі» талаптарына сай бизнес субъектілерін тексеру белгіленген заң негізінде жүзеге асырылады. Кәсіпкерлерді тексерушілердің тиісті құжаттары болуы керек.

ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 145-бабына сай тексеру мемлекеттік органның тек­серуді тағайындау туралы актісі негізінде жүзеге асы­рылады. Тексеруді тағайын­дау туралы актіде оның нө­мірі мен күні, мемлекеттік ор­ганның атауы, тексеру жүргізуге уәкілеттік берілген адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куә­ландыратын құжатта көрсетілмесе) және лауазымы, тексеру үшін тартылатын мамандар, консультанттар және сарапшылар туралы мәліметтер, тексерілетін субъектінің атауы немесе өзіне қатысты тексеру жүргізу тағайындалған жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, оның тұрған жері, сәйкестендіру нөмірі, аумағының учаскесі көрсетіледі.
Заңды тұлғаның филиалын немесе өкілдігін тексерген жағдайда тексеру туралы актіде оның атауы, тұрған жері көрсетіледі, сондай-ақ, тағайындалған тексерудің мақсаты, тексеру жүргізу мерзімі, тексеру жүргізудің құқықтық негіздері, кезеңі, актіге қол қоюға уәкілеттілік берілген адамның қолы және мемлекеттік органның мөрі де берілуі тиіс.
Кодекстің осы талаптары кәсіпкерді тексеруші келгенде бағдар ретінде қол­да­нуға мүмкіндік береді. Есіл аудандық прокуратура­сы уәкілетті органдармен бірге кәсіпкерлерді заңсыз тек­серудің алдын алу және кәсіп­керлердің құқығын қорғау мақсатында күнделікті жедел топпен жұмыс жүргі­зеді. Прокуратураның «се­нім телефоны» 71-20-82, 71-20-83, 8 747 053 29 37. Ме­кенжайы: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 31.

Меңдолла ШАМҰРАТОВ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button