Қала мен Сала

Зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдайды

«Атамекен» ҰКП бастамасымен бүлік кезінде зардап шеккен кәсіпорындарды қолдау мақсатында «Күшіміз – бірлікте» қоғамдық қоры құрылды. Палата өкілдері еліміздің ірі бизнесмендерін мүмкіндігінше қорға қаржы аударуды сұрайды.

[smartslider3 slider=1737]

Қор өкілдерінің айтуынша, олар түскен қаражат сомасы және бұл қаражат кімге қай мөлшерде, қай мекемеге аударылатынын жариялауға дайын. Мемлекеттік комиссия құрылды. Зардап шеккен кәсіпкерлерге фото-видео фиксация жасап, жергілікті полиция қызметкерлерімен протокол құрастырып, құжаттарыңызды даярлауға болады. Осы жылдың 10 қаңтары сағат 09.00-дегі жағдай бойынша бизнеске келтірілген шығынға қатысты байланыс орталығына 2774 қоңырау түсті, соның ішінде: мародерлық мәселелері бойынша – 1406, форс-мажор – 39, блокбекеттер – 2, зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдау қоры бойынша – 3, жеке тұлғалардан түскен қоңыраулар – 1324. Елдің 9 өңірінде 1488 нысанда орналасқан 1319 зардап шеккен бизнес субъекті анықталды, соның ішінде Алматы қаласында – 1399 объектіде орналасқан 1234 субъект. Зардап шеккен бизнес салалары: сауда – 1245; қоғамдық тамақтану – 25; қаржы секторы – 37; логистика – 9; БАҚ – 2. Шығынның жалпы сомасы алдын ала есепке сәйкес 93,7 млрд теңгеден асты, соның ішінде Алматыда 92,2 млрд теңге.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button