ЖаңалықтарҚала мен Сала

ЗАУЫТ ЖАҢАРТЫЛДЫ

9658a36884060caa1503f082a8fe78a7

Астанада көліктерді жол шетіне шығып кетуден қорғайтын қоршаулар өндіретін ең ірі зауыт жаңғыртылды.

«СтальЦинк» ЖШС – Қазақ­стандағы әлемдік стандарт бойынша жоғары технологиялық жабдықпен жол қоршауын дайын­дайтын жалғыз зауыт. Бұл арнайы қоршау күре жолдарға орнатылады, сөйтіп жолдағы қауіпті жағдайлардың алдын алады. «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автомагистралі үшін «СтальЦинк» ЖШС осындай қоршаулар шығарады. Зауытта шығарылған қоршаулар «Астана-Шучье» тас жолына да орнатылды.

Аталмыш өндіріс орны «Өнім­ділік – 2020» мемлекеттік бағ­дарламасы бойынша «Zeman Bauelemente Produktionsgesellshaft m.b.h.» австриялық компаниясынан тосқауыл қоршауларын өндіру бойынша жабдықтарды сатып алуға лизингтік қаржыландырылды. Ол жылына ұзындығы 437,5 мыңға дейін жол қоршаулары мен олардың элементтерін өндіруді қамтамасыз етеді. Жоба 110 орынға дейін жұ­мыс орнын ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Сағи ОРАЛ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button