SportЖаңалықтар

ЗЕЙІНІ МЫҚТЫ ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР

ERA_5999

Кеше Күйші Дина көшесінде орналасқан зейнет­керлердің шағын демалыс орталығында соғыс ар­дагерлері арасында шахмат пен дойбы турнирі өтті.

Жеңістің 70 жылдығына орай Алматы ауданының Ардагерлер кеңесі ұйымдастырған турнир олимпиадалық жүйе бойынша өткізілді.

«Астанадағы осы сынды 11 шағын демалыс орталығынан іріктеліп келген ардагерлер жарысқа қатысқандарына дән риза болып, интеллектуалды спорт түрінен кәсіби деңгейлерін танытып жатыр. Отыз адам – шахмат, ал он сегізі дойбы сайысына қатысуда. Олардың ішіндегі ең үлкені 95 жастағы қария Әбдірахман Сапаров» дейді аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сайлаубек Байболов.

Ойын қорытындысы бойынша шахматтан бірінші орын – Валерий Вдовинге, дойбыдан Сақтай Сәлімбаевке бұйырды. Ал, әйелдер арасындағы дойбы жарысынан Күлпаш Ахметқалиева жеңімпаз атанды.

Мәдина ЖАҚЫП

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button