Жаңалықтар

Зейнетақы көбейеді

2017  жылы Қазақ­станда орташа зей­нетақы көлемі 60 167 теңгеге жетеді.

ata

2017 жылы базалық зейнет­ақының көлемі 9 пайызға ұлғайып, 12 802 теңге көлемінде болады. Сонымен қатар, әлеуметтік жәрдемақылардың барлық түрлері 7 пайызға көтеріледі.

2018 жылдың 1 қаңтарынан әлеу­меттік даму тұжырымдамасы жаңғыр­тылып, ең төменгі күнкөріс деңгейі қайта қаралатын болады.

Аталған өзгерістерді жүзеге асыру үшін базалық зейнетақыны, асырау­шысынан айырылуына байланыс­ты жәрдемақыны және тағы басқа әлеуметтік төлемдерге қосымша қаражат бөлу қарастырылады. Атап айтқанда, 2018 жылы 63 млрд теңге, 2019 жылы 88 млрд теңге бөлінбек.
Сондай-ақ, базалық зейнетақы бел­гілеу тәртібі өзгертілмек. Зейнетақы жү­йе­сінің жаңа жинақтаушы компоненті қосылады. Жұмыс берушілер зейнетақы жарнасына 5 пайыз қосатын болады.

(Сурет фотограф Айбек Ахановтың Instagram парақшасынан алынды)

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button