ӘлеуметЭкономика

Зейнетақы қоры кімді жарылқайды?

Соңғы екі жыл көле­мінде еліміздегі зей­нетақы жүйесі бір­неше өзгерісті басынан өткеріп үлгерді. Күні кешеге дейін, яғни 2014 жыл басталғанша зейнет­ақы қорындағы ақшаны он шақты жеке қаржы құры­лымы басқарып, халық­тың жинағын көбей­­тумен айналысып келіп еді. Ал одан кейін Бірыңғай жинақ­таушы зей­нетақы қоры құрылып, мемлекет бұл қордағы қаржыны тікелей өзі қадаға­лауды қолға алды.

ппп

Экономикаға салынса, қайтарымы бар

Мамандардың айтуынша, осы соңғы жүйе оң нәтиже беріп, екі жылдан асар-аспас уақыт ішінде еліміздің зейнетақы қорындағы қаржы 6 трлн 145 млрд теңгеге жеткен. Бұрын зейнетақы қо­­рындағы ақшаны жеке-дара
иемденіп, қалған қаржы құ­рылымдарының қалауына салсақ, зейнетақы қорындағы қаржының тең жартысы қайтадан жеке қорларға бөлініп берілуі тиіс. Ол қорлар санау­лы жылдан соң зейнетақыға жинақталған ақшаны жоқ дегенде екі есе қылып көбейтіп бермек. Бірақ мамандар бұған бірауыздан қарсы. Өйткені зейнетақы қорындағы қаржы жеке қорларда болған кезде, оншалықты өсім құрала қоймаған. Сондықтан бұл жүйеге қайта оралудың қажеті жоқ дейді мамандар. Бұдан соң қордағы қаржының аз ғана бөлігін экономиканы сауықтыруға пайдалансақ деген пікір де айтылған еді. Мұны құзырлы органдар да жоққа шығармады.
– Елбасымыз биылғы жылы зейнетақы қорының белгілі бір бөлігін ел экономикасын көтеруге пайдалануды ұсынған болатын. Сондықтан биыл 1 трлн 450 млрд теңге бір­қатар бағытқа инвестицияланады. Бірден айтайық, мұның ішінде «ЭКСПО-2017» көр­месі құрылысына қаржы бөлу қарастырылмаған. Оның құрылысына зейнетақы қоры­нан бір теңге де жұмсалмайды. Жоғарыда айтылған 1 трлн теңгеден астам қаржының 500 миллиарды табыс әкелу үшін шетел валютасына ауыс­тыру жоспарланса, 600 млрд теңге екінші деңгейлі банк­тер мен ұлттық холдингтерге нарықтағы пайыздық үстеме негізінде беріледі. Кейіннен оның бәрі экономиканың маңызды секторларын дамы­туға бағытталады. Сондай-ақ, шағын және орта бизнес саласын жандандыру да көз­деліп отыр. Мұның бәрі – қай­тарымы бар жобалар. Жұм­сал­ған қаржы екі еселеніп қор­ға қайтарылады, – дейді бұл туралы Ұлттық экономика ми­нистрінің бірінші орынбасары Марат Құсайынов.

Басты қожайын инвестициялық комитет

Бірыңғай жинақтаушы зей­нет­ақы қорындағы қаржыны басқару бір адамның иелігіндегі шаруа емес. «Кеңесіп пішкен тон келте болмайды» дегендей, қорға жиналған қаржыны басқару, тиімді бағыт­тарға инвестициялау­ды ҚР Ұлттық Банкі жанындағы Инвести­циялық комитет жүзеге асырады. «БЖЗҚ» АҚ басқар­масы төрағасының орынбасары Руслан Ерденаевтың айтуынша, бұл комитеттің мүшелерін тікелей Елбасының өзі сайлайды. Комитет қызметтік сипаты жағынан алғанда, консуль­тативтік кеңесші орган ретінде жұмыс істейді. Кеңес мүшелері шешім қабылдамас бұрын келіп түскен ұсынысты жан-жақты талқылайды. Былайша айтқанда, асығыс шешім қабылданбайды, көзсіз тәуекел­дерге жол беріл­мейді.
Бірыңғай жинақтаушы зей­­нетақы қорынан 30 млрд тең­гені экспортты қолдау жобаларына бөлу – осы кеңесте көптен бері талқыланып келе жатқан мәселелердің бірі. Қар­жыландырылуға тиіс жоба­лардың жалпы саны 700-ге жетіп жығылады екен. Осы жобалар аясында 14 мың жаңа жұмыс орны ашылып, 540 млрд теңгенің өнімі өндірілетін болады. Өнімнің көлемін осындай мөлшерге жеткізе алсақ, бұдан елімізге 60 млрд теңге салық түсіп отырады екен. Жалпы алғанда, экономикаға қаржы жұмсаудың қайтарымы бар, тәуекелі де аз. Тілге тиек болып отырған 30 млрд теңгенің бәрі тек осы жобаларға ғана жұмсалмайды. Қалған қаржыны 2016-2017 жылдардағы экономикалық өсімді ынталандыруға бағыттау көзделген. Бұл банктік депозиттен әлдеқайда тиімді, әлдеқайда сенімді екенін кез келген экономист, қаржы саласының маманы айтып бере алады.

Инвестициялау тиімді жол

ЭКСПО қалашығы аума­ғын­дағы МEGA Silk Way сауда-ойын-сауық орталығы құры­лысына «Бәйтерек Девелопмент» АҚ арқылы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан 15 млрд теңге бөлінгенде, жұрт­шылық бір шу ете қалғаны белгілі. Осы мәселеге қатысты арнайы брифинг өткізген Қазақстан Даму банкі төрағасы Болат Жәмішев бұл қаржының 16,5 пайызбен несиеге беріліп отырғанын түсіндіріп берген еді.
– Негізінде қордағы қаржы тиімді жобаларға инвестицияланып отыруы керек. Әйтпесе, қаржы құнсызданады. Сол себептен БЖЗҚ бізге осынша мөлшердегі қаржыны инвестициялады. Оның бәрі туристік жобаға бағытталып жатыр. Туризм – табысты сала екенін өздеріңіз білесіздер. Бұған қоса, Қазақстан Даму банкі – зайырлы деңгейдегі қаржылық құрылым. Яғни, инвестиция үшін сенімді әрі тиімді нысан саналамыз. Біз мемлекеттік бағдарламаларға сай ауқымды жобаларды қар­жыландырамыз. Еліміздегі екінші деңгейдегі банктердің оған шамасы жетпейді. Егер біздегі банктердің бұған шамасы жететін болса, біз онда мұндай жобалармен айналыспаған болар едік, – деп түсіндірді Болат Бидахметұлы.
Инвестиция дегеннен шығады, БЖЗҚ-ғы қаржысы құнды қағаз­дар нарығында да үнемі инвес­тицияланып отырады. Қордағы ақшаның құнын жоғалтпай, өсімін еселеп, 6 трлн теңгеден асыру – тиімді инвестицияның жемісі. Ұлттық Банк таратқан мәліметке қарағанда, қордағы жалпы қаржының 42,5 пайызы Қаржы министрлігінің бағалы қағаздарына инвести­ция­ланса, 39 пайызы Қазақстан Респуб­ликасының басқа да имитент­тері­нің бағалы қағаздарына инвестиция ретінде бағытталған. Бұған қоса, он пайызы шетелдік имитенттердің бағалы қағазына инвестицияланған. Осылайша ұлттық валюта бағамындағы өзгеріс еңсеріліп отырса керек. Бұдан зейнетақы қорындағы қаржы тиімді басқарылып жат­қанын бағамдауға болатындай.

Меңдолла ШАМҰРАТОВ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button