Әлеумет

Зейнетақы жүйесіндегі өзгерістер

Біздің мемлекеттің ең басты мақсаттарының бірі өз азаматтарының кәрілігін лайықты қамтамасыз етуі болып табылады. Зейнеткерлердің көпшілігі үшін кірістердің жалғыз көзі зейнетақы болып табылатын басты негізіне зейнеткерлердің әл-ауқаты және өмірлерінің сапасы байланысты.

 1198974

 

Қазақстан Республикасында жинақтаушы зейнетақы, базалық зейнетақы және ынтымақты (еңбек) зейнетақыдан тұратын  аралас зейнетақы жүйесі жұмыс істейді.

Қазіргі уақытта зейнетақы жасына жеткен барлық азаматтар үшін, базалық зейнетақы еңбек өтіліне және еңбек ақысына қарамастан бірдей мөлшерде тағайындалады.

2015 жылғы 2 тамызынан Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына сәйкес, базалық зейнетақы төлемі тағайындалуына жаңа критерийлер белгіленді. 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы төлемі 1998 жылдың 1 қаңтарына дейіңгі еңбек өтіліне, 1998 жылдан бастап зейнетақы жүйесінде еңбек өтіліне байланысты және тек қана жалпы белгіленген зейнетақы жасына келгенде ғана тағайындалады. Базалық зейнетақы төлемі ұсынған кезде зейнетақы жүйесіндегі қатысу өтіліне 10 жыл немесе одан аз болған  кезде тиісті жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 54% мөлшерінде, зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жылдан артық әрбәр толық жыл үшін оның мөлшері 2% – ға арттырыла отырып, өтілі 33 жыл және одан артық болғанда ең төмен күнкөріс деңгейінің 100% теңестіріледі.

Бұл  модернизация – еңбек өтілі көп, бірақ ең төмен зейнетақы алатын зейнеткерлердің зейнетақы мөлшеріннің жоғарлауына мүмкіндік береді.

Базалық зейнетақы төлемін ұсынғанда,  зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне:

  • 01.1998 жылға дейінгі еңбек өтілі;
  • жұмыс істемейтін ананың немесе әкенің (онымен фактілі күтім жүзеге асырған кезде) 3 жасқа дейінгі балаларға күтім көрсетілген уақыты, бірақжалпы жиынтығы 12 жылдан аспайтын кезеңдері;
  • 16 жасқа дейінгі мүгедек бала күтімі бойынша уақыты;
  • жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және міндетті зейнетақы жарналарын төлеу уақыты;
  • әскерде, арнайы мемлекеттік және құқыққорғау органдарында қызмет атқарған уақыты;
  • әскери қызметшілердің жұбайларының мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігі болмаған жерлерде жұбайларымен бірге тұрған, бірақ жалпы жиынтығы 10 жылдан аспайтын кезеңдері есепке алынады.

Сондай ақ, үлкен еңбек өтілібар зейнеткерлердің алатын базалық зейнетақы төлемнің  мөлшерлерін арттыруға мүмкіндік беретін 2018 жылғы 1 шілдеден бастап Астана қаласының 70 мыңнан астам базалық зейнетақы алушылардың базалық зейнетақысы қайта есептеледі. Қайта есептелу бар құжаттар бойынша жүзеге асырылады, сондықтан зейнеткерлерге қайта есептеуге қандай да бір құжаттар ұсыну қажет емес.

Сонымен қатар, 01.01.2018 жылдан бастап әйелдердің зейнеткерлік жасы арттырылады, бұл ынтымақты зейнетақының азаюымен және жинақтаушы зейнетақы жүйесінде қатысу өтілінің арттыру мақсатымен байланысты. Әйелдердің зейнеткерлік жасы 10 жыл ішінде жыл сайын 6 айға арттырылады, сөйтіп 2027 жылы әйелдердің зейнетақы төлемдері ер адамдармен бірдей 63 жасқа жеткенде төленеді.  Мысалы: 1960 жылдың бірінші жартысында дүниеге келген әйел 58 жыл 6 ай жасқа толғанда зейнеткерлікке шыға алады, ал егер 1960 жылдың екінші жартысында дүниеге келсе, оның зейнеткерлік жасы 59 жасты құрайды және ары қарай.

Ынтымақты (еңбек) зейнетақының кемитін бөлігіне өтемақы ретінде мынадай шаралар қарастырылып отыр:

біріншіден, жоғарыда көрсетілгендей, базалық зейнетақының есептеу механизмі өзгертілді. Яғни, жинақталған еңбек өтілі неғұрлым көп болса базалық зейнетақы мөлшері жоғары болады;

екіншіден, зейнетақы жинақтарының аударымдары үзіліссіз болуын қамтамасыз ету үшін, 2014 жылдан бастап республикалық бюджеттен бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты демалыста болатын жұмыс жасайтын әйелдерге 10 % зейнетақы жарналарын субсидиялау басталды;

үшіншіден, жинақтардың көлемін көбейту үшін жұмыс берушілер тарапынан заңды түрде жұмысшылардың пайдасына 5 % зейнетақы жарналарын аудару бекітілді. Жаңа шартты түрде зейнетақы жинақтау 2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұл қаржыландыру көздерінен берілетін зейнетақының мөлшері жинақтаушы зейнетақы жүйесіне әйелдердің қатысу кезеңдеріне және зейнетақы жарналарын үзіліссіз аударылуына тәуелді болады.

5 және одан көп бала туған (асырап алған) және оларды 8 жасқа дейін тәрбиелегенәйелдерде 53 жасында зейнетке шығу құқысы сақталады.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жасына және еңбек өтіліне байланысты төленетін зейнетақы алып жүргентөлемдері мөлшерден 8% -ға арттырылды.

Мүгедектерге, асыраушысынан айрылған, мүгедек балаларды тәрбиелейтін отбасыларға жәрдемақылардың арттыруы 16%-ға дейін құрады.

         Қазақстан Республикасының «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Заңының 7-бабы 17-тармақшысына сәйкес, 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін тағайындалған бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар көп балалы отбасылар, балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін (бірақ әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін) жәрдемақыны алуға құқығы жойылғанға дейін алып отырады.

«Халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша ҚР бірнеше заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 28.10.2015 жылғы № 369-V Заңына сәйкес 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл жәрдемақы тағайындалмайды. Оның орнына 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап аз қамтылған отбасыларға жергілікті бюджеттен тағайындалатын атаулы әлеуметтік көмек жүргізілетін болады.

Жылсайынғы Елбасының Қазақстан халқына жолдауына сәйкес 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап, кәмелет жасқа толған, бала жасынан 1-топ мүгедектігі бар балаларын күтетін ата-аналарға қосымша мемлекеттік жәрдемақы төленетін болады. Бұл жәрдемақының мөлшері айына ең төменгі күнкөріс мөлшерінен (2018 жылғы ең төменгі күнкөріс мөлшері – 28284 теңге) кем болмайды.

Айткүл ОМАРОВА,
Еңбек, әлеуметтік қорғау
және көші-қон комитетінің
Астана қаласы бойынша
департаментінің басшысы

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button