Қоғам

Зейнеткерлер ашық форматтағы іс-шараға қатысты

Байқоңыр ауданы бойынша әлеуметтік қызмет көрсету орталығында белсенді зейнеткерлердің қатысуымен «РУХАНИЛЫҚ. ІЗГІЛІК. МӘДЕНИЕТ» тақырыбында ашық форматта іс-шара өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Аталған шараның басты мақсаты – аға буын өкілдерінің рухани құндылықтарды насихаттау арқылы өскелең ұрпақпен тәжірибе алмасу, дәстүрлерді сақтау және ұрпақтар арасындағы байланысты нығайту.
Іс-шараға Байқоңыр ауданының әкімдігі, ардагерлер кеңесі, бастауыш ардагерлер ұжымы, ардагер-журналистер мен ұстаздар қауымы қатысты. Сонымен қатар, жастар ұйымдарының өкілдері мен студенттер де қонақ ретінде шақырылды.

Зиялы қауым өкілдерінің арасында өткен ашық сұхбат барысында екі ұрпақ өкілдерінің арасындағы сындарлы қарым-қатынасты нығайту жолдары, рухани-адамгершілік құндылықтарды жастар бойына сіңіру, білім ошақтарында тәрбиенің рөлін арттыру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, кездесуде аға буын өкілдері өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, жастарға бағыт-бағдар беретін ақыл-кеңестер айтты.
Іс-шара барысында зейнеткерлердің бастамасымен құрылған «Ұрпаққа аманат» зияткерлік даму клубының «Рухани-Ізгілік» мәдени жобасының таныстырылымы өтті. Бұл жоба аясында жастар мен аға буын арасындағы мәдени-танымдық кездесулер өткізу, шеберлік сағаттарын ұйымдастыру және ұлттық салт-дәстүрлерді жаңғырту көзделген. Жобаның презентациясы кезінде бейне материалдар көрсетіліп, алдағы жоспарлар талқыланды.

Кеш соңында қатысушылар аталған шараның маңыздылығын атап өтіп, осындай кездесулердің жиі өткізілуі қажеттігі туралы ұсыныстар білдірді. Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының директоры Мұхтар Еркетаев ұлттық құндылықтарды дәріптеу үшін мектептер мен аға буын өкілдерінің тығыз байланыста жұмыс істеуінің маңыздылығына ерекше тоқталды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button