Әлеумет

Зейнеткерлер асық атудан жарысқа түсті

Алматы ауданының ардагерлері ұлттық ойын түрлерінен жарыс ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған. Орталық қызметкерлері зейнеткерлер арасында ұлттық ойын түрлерін дәріптеу үшін ай сайын арнайы жаттықтырушылар шақырып, «Арқан тарту», «Асық ату», «Сақина салу» және «Білектесу» ойындарынан жарыстар өткізеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Ұлттық ойынды насихаттаушы, әрі білікті жаттықтырушылар Балмира Бекбусынова мен Айбек Көшжанов зейнеткерлерге асық ату ойының қыр-сырын үйретіп қана қоймай, белсенді ата-әжелер арасында кішігірім жарыстар ұйымдастырды.

Ойын барысында 10 шақты зейнеткер ептілігімен ерекшелене білді, олардың арасында 75 жастағы Нұрлан Саматұлы, 72 жастағы Радхан Әліпбаев және 69 жастағы Қуандық Дүкесов те, бар.

Жалпы асық ату ойыны егде жастағы адамдардың денсаулығына пайдалы. Адамды ептілікке баулып, зейіні мен есте сақтау қабілетін жақсартады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button