Елорда тынысы
Зейнеткерлер көңілді старттар ойынына қатысты
Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы спорт күнін зейнеткерлерге арналған қызықты эстафеталармен атап өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Халықаралық спорт күніне орай Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының зейнеткерлері «Жетісу» паркіне жиналып, «Көңілді старттар» спорттық шарасын өткізді.
Аталған іс-шара зейнеткерлердің денсаулықтарын нығайту және белсенді өмір салтын ұстану мақсатында өтті. Демалу паркіне жиналғандар қызықты эстафеталар мен түрлі дене шынықтыру жаттығуларын тамашалады. Жарыс командалық және жеке кезеңдерді қамтыды. Бұл әр ойыншыға өз күші мен шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік берді. Іс-шараның атмосферасы позитивті, әрі жанкүйерлердің қолдауына толы болды. Көңіл старттарға 200-ге жуық қала зейнеткері қатысты.