Зейнеткерлер Ұлт ұстазын ұлықтады
Зейнеткерлер Ұлт ұстазын ұлықтады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Бүгін Байқоңыр ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Алаш ардақтысы, қоғам қайраткері, лингвист, аудармашы, ақын, ғалым, алғашқы әліпбидің авторы, реформатор Ахмет Байтұрсыновтың туған күніне арналған «Ұлт ұстазын ұлықтайық!» атты әдеби-танымдық іс-шара өтті.
Әдеби іс-шарада Алаш қайраткерінің азаматтық бейнесі ұлықталып, ұлт үшін жасаған жасампаздық қызметі айтылды.
Тіл мерекесіне жиналғандар ақын өмірінің қасіретті кездерін өлеңмен мәнерлеп оқып берді.
Зейнеткерлердің өз күшімен Ахмет Байтұрсыновтың қоғамдық-саяси қызметі туралы дайындаған қойылымы өте әсерлі шығып, іс-шараның көркемдік сипатын келтірді. Сахналық көрініспен көркемделген іс-шараны Орталықтың «Тіл шаңырағы» әдеби-танымдық клубының жетекшісі М.Пірімбетова мен әдеби клубтың белсенді мүшелері ұйымдастырды.
Кеш соңында ақын Мұхтар Шахановтың жүрекке жететін «Тіл мен Рух» әні орындалып, Тіл мерекесінің жалғасы челлендж ретінде келесі аудандардағы орталық филиалдарына жолданды. Жиналғандар ұлт ұстазының өмір тарихынан көптеген мәліметтер алды.
Белсенді ұзақ өмір сүру орталық директоры М.Еркетаев әдебиет сүйер зейнеткерлерге алғысын білдіріп, барша жиналғандарды Тіл мерекесімен құттықтады.