Зейнеткерлер волейболдан жарысты
Бүгін Астана қаласы әкімдігінің «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай волейболдан дәстүрлі турнир өтті. Іс-шараның басты мақсаты – қызметкерлердің денсаулығын нығайтып, белсенді өмір салтын дәріптеу, сондай-ақ командалық рух пен достық қарым-қатынасты нығайту, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Турнир салтанатты түрде ашылып, алғашқы сөз кезегі Астана қаласы әкімдігінің «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» директорының орынбасары М.Аубакировқа берілді. Ол жиналғандарды мерекемен құттықтап, барлық командаларға жеңіс пен жақсы көңіл-күй тіледі.
Жарыс барысында командалар жоғары деңгейдегі ойын көрсетіп, шынайы спорттық шеберліктерін танытты. Қорытындысында:
• 1 орын – «Ардагерлер» (Сарыарқа ауданы БҰӨСО),
• 2 орын – «Ауғанстан ардагерлері»,
• 3 орын – «Көктал 1» (Сарыарқа ауданы БҰӨСО) командалары иеленді.
Сонымен қатар, турнирге белсенді қатысқан «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» қызметкерлерінің командасы мен «Сарыарқа қыздар командасы» арнайы марапаттарға ие болды.
Жеке ойыншылар да шет қалмай, ерекше номинациялармен марапатталды:
• «Үздік ойыншы»,
• «Үздік шабуылшы»,
• «Үздік қорғаушы».
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, дипломдармен және медальдармен марапатталды. Турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар мен көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.