Қоғам

Зейнеткерлердің «Шырқа гитара» клубы ән кешін ұйымдастырды

Есіл ауданы бойынша әлеуметтік қызмет көрсету орталығында «Шырқа гитара» клубының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сый¬лы¬ғының лауреаты, қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, Қазақстанның халық жазу¬шысы Тұманбай Молдағалиевтің шығармашылығына арналған «Әнім сен едің» атты мәдени кеш өтті, деп хабарлайды 

Әдеби-музыкалық шара қазақ өнерінің қос алыбы – Тұманбай Молдағалиев пен Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылық байланысын ұлықтаудан басталды. Концерттік бағдарлама ақынның сөзіне жазылған Н. Тілендиевтің әуезді әндерімен басталды. Ән кешінде ақынның сөзіне жазылған халықтың сүйікті әндеріне айналған «Жүрегімнің сөзі», «Сарыарқа», «Жан досым», «Көктем келді» сынды туындылары және т.б. танымал әндері орындалды. Сонымен қатар, ән кеші «Жаңа толқын» би клубының өнерімен толықты. Шара барысында зейнеткерлер ақынның қазақ әдебиетіне қосқан үлесі, оның поэзиядағы орны, лирикасы мен сыршыл жырлары туралы айтып өтті.

– Бүгін Есіл ауданында зейнеткерлердің ұйымдастыруымен тамаша ән кеші өтті. Бұнда біздің Орталыққа қарасты ардагерлерден құралған өнер ұжымдары белсене атсалысты. Әсіресе, «Шырқа гитара» клубының дайындығын ерекше атап өткім келеді. Зейнеткерлердің өнеріне тәнті болған өнерсүйер қауым ақын шығармашылығымен танысып қана қоймай, өздеріне тамаша көңіл күй сыйлады деген ойдамын» – деп ойын түйіндеді Есіл ауданы бойынша БҰӨСО-ның басшысы Жанар Есенаманова. Кешке келген көрермен ерекше әсерде қалды. Бұл кеш ақынның шығармашылығын ұлықтаумен шектелмей, бірнеше буынның басын қосқан, рухани азық сыйлаған ерекше мәдени жиын болды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button