Қоғам

Зейнеткерлердің сурет көрмесі

Астана қалалық Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының зейнеткерлері қиялдарындағы қыстың әдемі келбетін қағаз бетіне түсіріп қана қоймай, «Қысқы қиял» атты арнайы көрме ұйымдастырды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Орталықтың Алматы ауданына қарасты филиалындағы арт-студияда дәріс алып жүрген 30 зейнеткер «Қыс келбеті» тақырыбында өз жұмыстарын ұсынды.  Бүгінде зейнеткерлердің қолымен дайындалған сурет көрмесін Орталыққа келуші қызмет алушылар мен қала тұрғындары тамашалауда. Егде жастағы суретшілердің салған шыршасы, аққала жасап жүрген балалар бейнесі, түрлі қар мүсіндері – адамға керемет көңіл-күй сыйлайды. Олардың суреттері қиялға бай, әдемі, табиғаттың қысқы ертегідегідей кейпін өздері қалай көріп сезінсе, сол қалпында бейнелеген.

Зейнеткерлер «Қысқы қиял» көрмесіне дайындықты үш ай бұрын бастаған. Алғашқы қар түскен уақыттан бастап олар қысты, алғашқы қарды, мұзды, қар үйінділерін, таңғажайып уақытты, табиғаттың сұлу құбылыстарын аңғарып, қағаз бетіне түсіре білген. Бүгінде Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының Арт-студиясы –зейнеткерлер жиналатын шығармашылық орынға айналып отыр. Бұнда сабаққа қатысушы ата-әжелер кескіндеме, композиция негіздерін үйреніп, бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнердің әртүрлі жанрлары мен бағыттарында жұмыс істейді.

«Арт-терапияның егде жастағы адамдар үшін пайдасы зор. Сурет арқылы адамның ішкі шығармашылығын іске қосуға, есте сақтау қабілетін, зейінін жақсартуға болады. Біз бейнелеу сабақтарын күн сайын өткіземіз. Біздің студиямызға сурет салуды үйренгісі келетін зейнеткерлер келеді. Олардың арасында зейнет жасында сурет салуды үйренген, белсенді, әрі қабілетті зейнеткерлер де бар. Әсіресе, Мәдени Асатова, Мария Серимова, Салтанат Мурзабаева мен Гаухар Камалиева ынтасын ерекше атап өткім келеді» -деді үйірме жетекшісі Айгүл Қожахметова.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button