Жаңалықтар

Зейнеткерлерге көмектесті

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Нұр-Сұлтанда жыл басынан бері өткізіліп келе жатқан «30 игі іс» шарасы аясында елордалық еріктілер жалғызбасты зейнеткерлер үйлерінің қарын тазалауға көмектесті.

[smartslider3 slider=1172]

«Біз қарды тазалау бойынша акция ұйымдастырдық, оны бірнеше жылдан бері тұрақты түрде өткізіп келеміз. Игі іс-шара ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «30 игі іс» акциясы аясында өткізіледі. Біз қарт адамдарға, жалғызбасты аналарға, көпбалалы отбасыларға аулаларын қардан тазартуға көмектесеміз. Біз барлық еріктілерді, жастарды акцияға қосылуға және игі істер жасауға шақырамыз» деді «Астана жастары» КММ ҒТК санатындағы жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Әлфараби Аймақ.

Еріктілер мұндай іс-шаралар адамдарға қуаныш сыйлап, олардың жалғыз емес екенін сезінуіне әсер етеді, сонымен қатар бұл жастарды мейірімділікке, аға ұрпаққа көңіл бөлуге және сезімталдыққа тәрбиелейді дейді. Осылайша жастар мүгедектіктің үшінші тобына жататын жалғызбасты зейнеткер Раида Мифтахованың ауласы мен үйіне дейінгі жолдарды қардан тазартты. «Көмектеріңіз үшін көп рақмет. Мен еріктілерге, жастарға және барлық бейжай қарамайтын жандарға сіздердің мейірімді жүректеріңіз бен бізге көрсеткен көмектеріңіз үшін және жалғыз қалдырмағандарыңыз үшін алғыс айтамын» деді зейнеткер.

 

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button