Елорда тынысы

Зейнеткерлерге қандай көмек көрсетіледі?

Елорданың коммуникациялар қызметі алаңында зейнеткерлерге сервистік қызмет сапасы туралы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқарма басшысының орынбасары Айгүл Таласова сөз етті.

Брифингте белгілі болғандай, зейнет жасындағы адамдар шипажайлық-курорттық емделуге және стоматологиялық протездеу қызметіне жеңілдік қарастырылғанын білдік.

– Зейнеткерлер Щучинск-Бурабай курорттық аумағында және қарттар мен мүгедектерге және мүгедек балаларға арналған оңалту орталығында ем алуына 18 және 25 пайызға дейін жеңілдік қарастырылды. Ал Ұлы Отан соғысының ардагерлері және теңестірілгендерге тегін қызмет көрсетіледі.

Стоматологиялық протездеу қызметі екі жылда бір рет алады. Биыл Астана қаласында тіс протездеу және ауыз қуысын протезге дейінгі санитарлық тазалауға 3 мың орын бөлінді, – деді Айгүл Таласова.

Қарттар күні зейнеткерлерге бір реттік 2,5 АЕК көлемінде ақшалай төлем беріледі. Отбасындағы адам санына және әлеуметтік жағдайына байланысты зейнеткерлер қатты отын сатып алуға 16 АЕК мөлшерінде жылу мерзіміне төленеді. Газ қазандығын салу және монтаждау бойынша шығындарды өтеуге 130 АЕК аспайтын қаржы қаралады.

Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға бір реттік әлеуметтік көмек ретінде дәрі-дәрмек сатып алу және медициналық қызмет шығынына 13 АЕК көлемінде төлем беріледі.

Табиғи зілзала орын алған жағдайда да көмек көрсету қарастырылған екен. Мәселен, тұрғын үйге елеулі зиян келіп, жойылған жағдайда отбасына – 400 АЕК, отбасы мүшелері қайтыс болғанда 150 АЕК қаржы төленеді.

Елордада тұрақты тұратын және тұрғын үйдің меншік иесі болатын аз қамтылған отбасы мүшелеріне жеңілдік қарастырылған.

Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын адамға немесе отбасына отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы мен кедейлік шегі арасындағы айыр­ма ретінде шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде беріледі.

Астана қаласында 2023 жылдың 1-тоқсанында кедейшілік шегі 35265 теңгені құрайды. Ондай отбасы мүшелері қалада қатынайтын қоғамдық көліктерде тегін жүре алады.

Брифинг соңында басқарма басшысының орынбасары Айгүл Таласова ардагерлерімізге қандай құрмет пен қамқорлық жасалып жатқандығын айтты.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button