Мәдениет

Зейнеткерлерге – тегін спорт үйірмелері

Пригородный тұрғын алабында орналасқан «Аспан» спорт кешенінде зейнеткерлерге арналған тегін спорт үйірмелері ашылды.

Мәдени-сауықтыру іс-шарасына Пригородный тұрғындары мен спорт­сүйер зейнеткерлері, Астана қаласы ардагерлер кеңесінің өкілдері және №7 спорт мектебінің басшылығы қатысты.

Спорттық үйірменің ашылу салтанаты елорданың Есіл ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы көркем өнерпаздарының күй шашуымен басталды. Есіл аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Шәрипа Өстемірова мен Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы директорының орынбасары Эльвира Шәмшікенова құттықтау сөз сөйлеп, Пригородный тұрғындарын зор мүмкіндікті пайдаланып, тегін спорт үйірмелеріне жазылуға шақырды. Есіл ауданы бойынша әлеуметтік қызмет көрсету орталығының оңалту гимнастикасының спортшы әжелері «Спорттық марш» биін билеп, өз замандастарын салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Сонымен қатар өнерлі зейнеткерлерден құралған «Асыл мұра» оркестрі мен «Жаңа толқын» би тобы және т.б. өнер ұжымдары өнер көрсетті.

Аталмыш іс-шара Есіл ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы мен №7 спорт мектебімен өзара ынтымақтастықта келісіліген меморандум аясында іске асырылды. Сол күні 20-ға жуық зейнеткер әртүрлі спорттық үйірмелерге жазылды. Зейнеткерлер «Аспан» спорт кешенінде өтетін оңалту гимнастикасы мен үстел теннисіне аптасына 3 рет тегін қатыса алады. Екіжақты меморандум аясында тегін спорт үйірмелерін одан әрі дамыту жоспарланған.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button