Руханият

Зергерлік – ата-баба мұрасы

Биыл – Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл. Осыған орай, елордадағы «Жастар» театрында БАӘ лауазымды құрметті ханымы, танымал зергері, жазушысы Халима Абдулла Рашидтің қатысуымен Folk Fashion Astana іс-шарасы өтті. Мәдени жиында қазақстандық жас суретшілердің көрмелері ұйымдас­тырылып, талантты сәнгерлердің киім үлгісі көрсетілді.

[smartslider3 slider=3445]

«Жаһандық әйелдер көшбасшылығы» ҚБ президенті Ханзада Балтаева мұрындық болған Folk Fashion Astana жобасының салтанатты түрде ашылуына Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмұрзаев, ҚР Мәжіліс депутаттары, БАӘ-нің Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі Аммар Албрейки мырза қатысты. Кештің басты қонағы – дәстүрлі араб дизайнері, БАӘ іскер әйелдер кеңесінің мүшесі Қазақстанға осымен үшінші рет жолы түсіп отырғанын жеткізді.

– Мақсатым – Қазақстан мен БАӘ арасындағы мәдени құндылықтар тұрғысында тәжірибе алмасу. Келген сайын екі ел мәдениетінде ұқсастықтар көп екеніне көзім жете түседі. Қазіргі таңда зергерлік туралы тағы бір кітабымды жазып жатырмын, бұл еңбекте қазақстандық зергерлердің тәжірибесін де сипаттай отырып, зергерлік бұйымдарды жасаудағы технологиялар ұқсастығы мен олардың бедерленуіндегі ерекшеліктерді көрсетуді көздеп отырмын, – дейді Халима Абдулла Рашид.

Мәдени іс-шара аясында театр фойесінде Қазақстан және Кипр республикалары суретшілер одағының мүшесі, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, суретші, кескіндемеші және қолөнер шебері Гүлназым Өмірзақтың туындыларынан жеке шығармашылық көрме ұйымдастырылды. Лента қию рәсімінен кейін театр сахнасында «Шабыт» халықаралық байқауының лауреаты, Fashion дизайнер Алтынбек Ермұханның ұлттық нақыштағы киім үлгілері мен ұлттық зергерлік бұйымдарды заманауи стильмен ұсынған тамаша сән көрсетілімі өтті.

Қадірменді қонақты жеке қабылдаған қалалық мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов алдағы уақытта осы елмен арада мәдени және әлеуметтік саладағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылатынын жеткізді.

– Ата-бабаларының зергерлік өнердегі ісін жалғас­тырушы, 4-буындағы зергер, БАӘ президенті сыйлығының иегері Халима Абдулла Рашид – зергерлік шеберлік туралы үш кітаптың да авторы. Ол БАӘ-нің еліміздегі өзіндік мәдени елшісі. БАӘ мұра институтының кеңесшісі Халима Абдулла Рашидпен әлеуметтік жобаларды қолдау мәселелерін талқыладық, – деді қалалық мәслихат хатшысы Е.Каналимов.

Тағыда

Райхан Рахметова

«Астана ақшамы» газетінің шолушысы

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button