Денсаулық

Зерттеу нысаны – Қазақстан

Еліміз бірінші рет денсаулық сақтау саласындағы еуропалық зерттеуге қатысты. STADA фармацевтикалық зерттеу компаниясы жыл сайын әртүрлі елдегі адамдардың денсаулығына қатысты мәселелерді қарастыратын зерттеу жүргізеді. Компания­ның биыл тоғызыншы рет өткізілген зерттеуінің тақырыбы «Постковид кезіндегі адамдардың өз денсаулығына қамқорлығы» деп аталды.

[smartslider3 slider=3481]

Денсаулық сақтау саласындағы ең беделді және ауқымды еуропалық зерттеулердің бірі – STADA Health Report зерттеуіне биыл әлемнің 15 елінен 18 жастан асқан барлығы 30 мың адам қатысты. Соның ішінде онлайн түрде Қазақстаннан 2 мыңнан астам адам зерттеу аясында сауалнаманың 43 сұрағына жауап берген. Журналистерге арналған арнайы жиында зерттеу нәтижелерімен бөліскен STADA компаниясының ТМД елдері бойынша директоры Арминас Мацевичустің айтуынша, 61 пайыз қазақстандық ресми медицинаға, яғни емхана мен стационарда көрсетілетін қызметтерге сенеді. Бұл пандемия басталғалы өткен екі жылда ақ халатты мамандардың көптеген адамдардың өмірін сақтап қалғанын және қоғамның оларға деген сенімі осы тұста арта түскенін білдіреді.

– Ресми медицинаға сенетін Қазақстан тұрғындарының 35 пайызы ғаламтордағы ақпаратты қайта тексереді. Респонденттердің тағы 17 пайызы емдеудің балама әдісін білгісі келетіндерін мойындады. Зерттеу көрсеткендей, 47 пайыз қазақстандық денсаулық мәселесінде ғалымдарға сенім артады. Екінші орында терапевттерге сенеді (41 па­йыз). Сенім арту деңгейі бо­йынша көшбасшылар үштігінде эпидемиологтар да (40 пайыз) бар. Қазақстандағы респонденттердің әрбір үштен бірінің фармацевтерге сенімі бар. Сонымен қатар қазақстандықтардың 58 пайызы пандемия кезінде ем алуда қиындықтарға тап болған. Олардың 30 пайызы дәрігерге дер кезінде жазыла алмаған. Қазақстанда сұралғандардың 28 пайызы жеткізудегі кедергілерге байланысты дәріханада қажетті дәрі-дәрмектерді таба алмағандарын нақтылады және 12 па­йызы ауруды жұқтырып алудан қорқып, дәрігерге баруды кейінге қалдырған немесе тоқтатқан. Қазақстандықтардың тағы 16 пайызы қаржы қиындығына байланысты дәрі-дәрмек сатып ала алмаған, – деді Арминас Мацевичус.

Пандемия кезінде адамдар арасындағы қашықтан байланыс қарқынды дамыды. Телемедицина жаһандық трендке айналуда. Мұны STADA Health Report зерттеуінің нәтижесі де растап отыр. Қазақстан тұрғындарының үштен екісі (68 пайыз) дәрігердің күрделі емес немесе қайталанған аурулар кезінде web-интерфейс арқылы оларға консультация беруіне мүмкіндік берді. Бұл көрсеткіш орташа еуропалық көрсеткіштен (64 пайыз) асып түсті. Онлайн-консультацияны жақтап пікір білдірген Қазақстан респонденттерінің 36 пайызы уақытты үнемдеу үшін осындай жолды таңдауға келіседі.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button