Жаңалықтар

ЖАБДЫҒЫ САЙЛЫ ЕМХАНА

DSC_3701

Кеше Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков бір ауысымда 500 адам қабылдай алатын жаңа амбулаториялық-емхана кешенінің ашылу салтанатына қатысты деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Осынау №9 қалалық емхана ҚР Денсаулық сақтауды дамытудың «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында салынды.

Кешен құрамына консультативтік-диагностикалық бөлім, жалпы тәжірибе, профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімі, 20 орындық күндізгі стационар және амбулаториялық хирургия орталығы кіреді. Аста­наның сол жағалауынан орын тепкен емхана 80 мыңнан аса тұр­ғынға қызмет көрсетпек. Ғима­рат халықаралық стандарт талап­тарына сай келетін заманауи меди­циналық қондырғылармен жаб­дықталған. Сәулелі диагностика жасауға ар­нал­­ған аппаратура, ауруды ультра­дыбыстық зерттеу жабдығы, балалар мен ересектердің сырқатын анық­тайтын бейнеэндоскопиялық ап­паратура бар. Сонымен қатар, ЛОР дәрігер, офтальмолог және басқа да мамандандырылған кабинеттер ашылды. Жаңа нысан Орынбор кө­ше­сіндегі 16/1-үйде орналасқан.
Сондай-ақ, қала басшысы әкім­діктің «Онкологиялық орта­лық» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік қазыналық кәсіпорын базасындағы жаңа медициналық кластердің таныс­­ты­рылымына қатысты. Мекемеде «VARIAN» (АҚШ) шығар­ған «TRUEBEAM» жоғары энер­ге­тикалық желілік жыл­дам­датқыш қолданысқа енгізіледі. Желілік жыл­дамдатқыш қатерлі ісіктің бар­лық түрлерін
заманауи техниканы пайдалана отырып, сәулемен емдеуге мүмкіндік береді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button