Қала мен Сала

Жабық аялдамалар тазаланды

Сарыарқа ауданында күніне 20-ға жуық жабық аялдама кешені тазаланады.

Аталмыш ауданда жабық үлгідегі 56 аялдама кешені орнатылған. Тиісті санитарлық күтім үшін екі ауысымда аялдамаларды қоқыс пен кірден тазартатын бригадалар жұмыс істейді.

– Сарыарқа ауданы бойынша барлығы 41 жабық аялдама кешеніне қызмет көрсетеміз. Екі ауысымда, яғни күндіз де, түнде де тазалаймыз. Негізінен, жолаушыларға кедергі келтірмеу үшін және таңертең қала тұрғындары автобустарын таза жерде күтуі үшін аялдамаларды түнде тазалаймыз, – дейді мердігер компанияның қызметкері Омар Оразбаев.

Бригада қызметкерлерінің айтуынша, күн сайын 20-ға жуық кешен тазаланады. Санитарлық тазалау екі кезеңге бөлінген: механикаландырылған тазалау, яғни қоқысты шығару, сыпыру және дымқыл тазалау, демек аялдамалардың барлық беттерін сумен өңдеу.

Сарыарқа ауданы әкімдігінің инфрақұрылым және перспективалық даму бөлімі басшысының міндетін атқарушы Әділжан Сағындықовтың айтуынша, жақында биыл орнатылған тағы 10 жаңа кешен іске қосылады.

– Бұл аялдамалар әлі электр­мен қамтамасыз етілмеген, бірақ олардың барлығы бойынша коммуникацияларға қосылу жұмыстары жүргізілуде. Қызмет көрсететін аялдамалар санының артуы тазалау сапасына әсер етпейді. Аялдамаларды санитарлық тазарту кесте бойынша, сондай-ақ тұрғындар сұраныстары негізінде жүзеге асырылады, – деді Ә.Сағындықов.

Аялдамалардың жағдайына қатысты шағымдар болса, тұрғындар iKomek-ке, Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік желілеріне хабарласып, «Сарыарқа ауданы» телеграм-чатына жаза алады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button