БілімЖаңалықтар

Жабық спорт алаңдары салынады

Елордадағы №15, №16, №18 және №35 жалпы білім беру мектептері ауласында жыл бойы пайдаланатын көпфункционалды жабық спорт алаңдарын салу жоспарланып отыр. Жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асырылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы хабарлады. 

[smartslider3 slider=139]

Спорт алаңдарының алдын ала параметрлері мынадай:
ғимарат бір қабатты. Оның жоспардағы өлшемі – 24.0*48,0 м;
тамбур – 3,3 шаршы метр;
вестибюль – 22 шаршы метр;
киім ауыстыратын бөлмелер (ер балалар мен қыз балаларға арналған) – 10,2 шаршы метр және 12,4 шаршы метр;
спорт залы – 100,5 шаршы метр;
медпункт – 6,3 шаршы метр;
жаттықтырушылар бөлмесі –
8,3 шаршы метр;
жылу торабы – 3,2 шаршы метр;
душ бөлмелері (ер балалар мен қыз балаларға арналған) – 4,0 шаршы метрден;
дәретхана (ер балалар мен қыз балаларға арналған) – 1,7 шаршы метр.
Жобаны іске асыру кезеңі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шартымен айқындалады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button