Қала мен Сала

Жабық та жылы аялдамалар

Елордада жыл басынан бері 23 жылы аялдама салынды. Бүгінгі таңда мердігер ұйым оларды электр қуатына қосу бойынша жұмыстар жүргізуде.

Қысы аязды Астанада қоғамдық көлікті күту оңай емес. Құптарлығы сол, қазір қаладағы көп аялдамаларда көліктің неше минуттан кейін келетіні туралы ақпарат жазылған таблолар жұмыс істеп тұр. Көпшілік соған қарап, өзіне қажетті автобус­тың кештеу келетінін білсе, аялдамада дірдектеп тұрмас үшін ертерек келген көлікке отырып, барар жеріне басқа автобуспен ауысып тезірек жетуге тырысуда.

Астана қаласында 2015 жылдан бастап жылы аялдамалар орнатыла бастады. Халық көп жүретін жерлерге, ауруханалар мен дәріхана, мектептердің маңына салынған осы жаңа аялдамалар адамдарды жазда ыстықтан, қыста аяздан қорғайды. Бүгінгі таңда қала бойынша 180-нен астам жабық типтегі аялдама павильоны орнатылды.

Аяз күшейгелі бері автобус тосқан тұрғындар жылы аялдамаларды босатар емес. Бүрсең қаққан балалар мен ересектер суық күндерде тоңып тұрмас үшін жабық павильондарды паналап, жылынуда. Осыны ескере отырып, қала әкімдігі тұрғындарға қоғамдық көлікті күту жайлы болуы үшін жыл сайын жылы аялдамалар санын арттырып келеді.

Соңғы жылдары ел игілігіне пайдалануға беріліп жатқан бұл аялдамаларда кондиционерлер, жылыту, жарықтандыру, бейнебақылау және Wi-Fi бар.

Жыл басынан бері қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы тағы 23 аялдама павильонын салды. Бүгінгі таңда мердігер ұйым оларды электр қуатына қосу бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.

Ағымдағы жылдың соңына дейін мердігер осы павильондардың барлығын жылумен қамтамасыз етуге міндеттенеді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button