Жаңалықтар

ЖАДЫМДАҒЫ ЖЕТІ КҮН

Бақытжан ЕРТАЕВ, Халық қаһарманы, Парламент Мәжілісінің депутаты, «ҚР Қарулы Күштері ардагерлері» ұйымының төрағасы:

«АПТА БОЙЫ МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙДЕ ЖҮРМІЗ»

Қазақстан Қарулы Күштері құрылған алғашқы күннен бас-тап сапта болдым. Сондықтан, мен үшін аптаның алғашқы күніне сәйкес келген – 7 мамыр мерекесінің орны бөлек.

Биыл Мемлекет басшысы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бұйрығымен бұл күн мемлекеттік мереке болып жарияланып, тойымыз тойға ұласып жатқан жайымыз бар.

Жеті күн бойы мерекеге орай ұйымдастырылған шаралардың басы-қасынан табылып жүрміз.

Өзім «Қазақстан Респуб-ликасы Қарулы Күштері ардагерлері» ұйымының төрағасы болғандықтан кезінде Қарулы Күштер сапында болған ардагер генералдарымыздың басын қосуға мұрындық болдым. Өзге облыстардан бірталай әріптесіміз Астанаға қонақ болып келді. Тарихтың өткен парақтарын ашып, біраз сыр бөлістік.

Сосын, бәріміз Парламент Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаевпен кездестік. Ардагерлеріміз Парламент қабырғасында болып, көкейтесті мәселелерін ортаға салды. Парламенттің бір мүшесі болғандықтан, оларға осындай мүмкіндік тудырғаным мен үшін де абыройлы іс болды деп ойлаймын.

Жеңіс күні алаңға бардым. Халықтың ортасында болдым. Соңынан Бауыржан Момышұлы бабамыздың басына барып, гүл қойдық. Баукеңнің айтқан

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button