Жаңалықтар

Жадымдағы жеті күн

Әзімбай ҒАЛИ,
саясаттанушы:

ЕКІ ОҚИҒА ЕЛЕҢ ЕТКІЗДІ

Мені елең еткізген аптаның негізгі оқиғасына тоқталайын.

Біріншісі, Ресейдегі саяси оқиғалар. Таққа келген Путинге қарсы халықтың наразылық шаралары әлі жалғасып жатыр. «Президент сайланды. Болар іс болды. Енді ешкімнің қолынан ештеңе келмейді» деп отырғандар қателескен сыңайлы. Мәскеу жұртшылығының тоқтар түрі жоқ. Дүрдараздық жалғаса беретін тәрізді. Өздеріңіз білетіндей «Оккупай Абай» яғни, «Абайды басып ал» ұраны төңірегінде топтасқандар шеруі әлі де өтіп жатыр.

Бұған не деуге болады? Орыстың зиялы қауымы Абайды білмейді екен. Енді білді. Басында «непонятный казах» деп бағалаған солшыл орыстардың өзі мойындады.

Одан кейінгі оқиға, осы аптада Жаңаөзен қаласындағы уақытша тергеу изоляторының бастығына қатысты қылмыстық іс бойынша үкім оқылды. Істің мән-жайымен жете танысқан жоқпын. Бірақ, бір білерім, оқиғадан оқиға туындап, бұл іс ұзаққа созылатын тәрізді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button