Жаңалықтар

ЖАДЫМДАҒЫ ЖЕТІ КҮН

Зиябек ҚАБЫЛДИН,
тарих ғылымдарының докторы, профессор:

АШАРШЫЛЫҚҚА АРХИВТІҢ «КӨЗІМЕН ҚАРАМАУЫМЫЗ ҚАЖЕТ

Бұл аптада елордалықтардың ерекше есінде қалғаны ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіштің ашылуы болды. Салтанатты шарада Мемлекет басшысы мен зия­лы қауым өкілдері тарапынан ашық пікірлер айтылды. Байқасаңыз, мұндай өткір ойлар бұған дейін көп айтыла бермейтін.

Кеше ашаршылық оқиғасын талдап таразылайтын үлкен халықаралық конференция өтті. Жиырма шақты елдің тарихшылары, ғалымдары келді.

Солармен пікірлестік. Омбыдан келген тарихшылар Батыс Сібірде ашаршылықтың қалай жүргені, қуғын-сүргіннің қалай жасалғаны жайында құнды мәліметтер келтірді.

Елбасы айтқандай, қаралы жылдар оқиғасының әлі де зерттеуді қажет ететін тұстары бар. Біз ашаршылық оқиғасына тек мұрағаттың көзімен қарауға үйреніп алғанбыз. Өкінішке қарай, зардапты басынан өткерген жандардың көзімен қарауды ұмыт қалдырып жатамыз. Бізде бір ой туып отыр. Осы жазда студенттерді ауыл­ды жерлерге жіберіп, қуғын-сүргін жылдарының тірі куәгерлерімен сұхбаттасуды тапсырмақшымыз. Со­сын оны қағазға түсіріп, мақалалар дайындап, деректерді оқулықтарға енгізуді ойлап отырмыз.

Кешегі ашылған ескерткіш ра­сында қаралы жылдарды елестететіндей екен. Сәулетшінің өзіндік ойы, көзқарасы көрініп тұр. Сол жағалауға неге қойылмады дегендер табылып жатыр. Бірақ ескерткішке орын таңдауда да қисынға сүйену керек қой. Ескі қала кезінде ашаршылықтың куәсі болды. Сондықтан, бұған айтар қарсы пікірім жоқ.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button