Жаңалықтар

Жадымдағы жеті күн

Сұлтан ОРАЗАЛЫ,
жазушы, қоғам қайраткерi:

СЫН ЖАНРЫНЫҢ СЕРКЕСI ДЕП БIЛЕМIН
Өзiм әдебиетшi болған соң, осы аптаның басты оқиғасы деп, академик Серiк Қира­баевтың 85 жылдық мерейтойы аясында өткiзiлiп жатқан ғылыми шараларды айтар едiм.
Астанада, Алматыда  көптеген басқосулар ұйымдастырылды.
Серiк Қирабаев – қазақ әдеби сынының көшбасында келе жатқан адам. Сонау 50-жылдардан берi бiздiң әдеби процестердi барынша талдап, талқылап, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен қоса сын жанрын да қатар алып келе жатқан жан. Бұл – әдебиеттегi ең ауыр, ең күрделi жанр.
Қазiр кiтап басу iсi iлгерiлеп кеттi ғой. Шалдыр-шатпақ  дүниесiн кiм көрiнген кiтап етiп басып шығарып, ұялмастан «мынау менiң жазғаным» деп әлдеғандай болып жүр.  Осындайларды сабасына түсiретiн әдеби тез болмаса, сын жанрын сүйреп келе жатқан Секеңдер болмаса, қазақ әдебиетiнiң дамуы екiталай едi.
Сондықтан, бұл той бiр адамның мерейтойы ғана емес, әдебиетте сол кiсiмен қатар еңбек еткен Бейсенбай Кенжебаев, Темiрғали Нұртазин, Айқын Нұрқатов, Рахманқұл Бердiбаев секiлдi iрi ғалымдар мен сыншыларды еске алатын күн.
Бүкiл  әдебиетiмiздiң тойы.
Әдеби ғылыми еңбектердiң мерекесi деп есептеймiн.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button