Қала мен Сала

Жәрмеңкеде – баға төмен

Елордалық және өңірлік тауар өндірушілердің қатысуымен бас қалада жылдың алғашқы азық-түлік жәрмеңкесі ашылды.

 4-5 наурыз күндері өткен жәрмең­кеде қала тұрғындары мен қонақтарына қолжетімді бағамен сиыр еті, жылқы еті, қой еті, тауық еті, сүт өнімдері, көкөністер, жемістер, басқа да азық-түлік өнімдері ұсынылды.

Астана қаласының, сондай-ақ өңірлердің кәсіпкерлері өнімдерін сатуға арналған жәрмеңке әр демалыс күндері Сауран көшесі, 7 мекенжайында сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Барлық өнім нарықтан 10-15 пайызға төмен бағамен сатылады. Алдағы уақытта қаланың басқа жерлерінен де жәрмеңке ұйымдастыру жоспарланып отыр.

 

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button