Елорда тынысы
Жәрмеңкенің жылуы

Жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз азаматтар мен алимент бойынша берешегі бар азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
Сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін жалғасқан жәрмеңкеде «Bazis Construction» ЖШС, «Новые технологии – Астана» ЖШС, «КАЛОМЕЛЬ» ЖШС, «Astek-Auto» ЖШС, «Astana Recycling Plant» ЖШС, «АЛТЕМИР-GROUP» ЖШС көлік жүргізуші, сервис қызметшісі, құрылысшы, сауда менеджері, автомеханик, сантехник, слесарь және тағы басқа бойынша 103-тен астам бос жұмыс орнын ұсынды.
Жұмыс беруші компания өкілдері жәрмеңкеге келгендерге негізгі талабын түсіндіріп, тұрақты жұмыс ұсынды. Жәрмеңкенің жылуы жұмыс іздеген азаматтарды әлеуметтендіруге септігін тигізді.